Қаржау Жамалбек Райымбекұлы

Білімі:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы (1991-1996 жж.), заң факультеті, құқықтану мамандығы, біліктілігі: заңгер.
  • Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті (2007-2009 жж.), біліктілігі: экономист.

Біліктілікті арттыру курстары:

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартында әуе көлігі бойынша сарапшы-аудитор сертификаты бағдарламасы (2002 ж. шілде, Астана);
  • Мемлекетаралық авиация комитетінде авиакомпанияларды сертификаттау бойынша мамандар даярлау бағдарламасы (2002 ж. желтоқсан, Мәскеу);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқару» бағдарламасы (2005 ж. қазан, Астана).

Еңбек тәжірибесі:

  • Жалпы еңбек өтілі: 28 жыл.
  • 30.09.2021 жылдан бастап: Қазақстан азаматтық авиациясы ассоциациясының басқарушы директоры.
  • 01.02.2023 жылдан 03.01.2024 жылға дейін: «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның заң қызметінің бас маманы (30 қыркүйек 2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтық авиациясы ассоциациясының басқарушы директоры қызметін қоса атқарды).
  • 25.08.2020 жылдан 31.01.2023 жылға дейін: «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның заң департаменті директорының орынбасары (30 қыркүйек 2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтық авиациясы ассоциациясының басқарушы директоры қызметін қоса атқарды).
  • 10.10.2019 жылдан 24.08.2020 жылға дейін: «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ авиациялық заңнама департаментінің директоры.
  • 20.04.2015 жылдан 16.09.2019 жылға дейін: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Азаматтық авиация комитетінің заң басқармасының бастығы.
  • 20.12.2014 жылдан 20.04.2015 жылға дейін: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің сапаны қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы – аға мемлекеттік авиациялық инспекторы.
  • 02.05.2012 жылдан 15.09.2014 жылға дейін: «Қазаэронавигация» РМК заң департаменті директорының орынбасары.
  • 10.03.2010 жылдан 02.05.2012 жылға дейін: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның корпоративтік хатшысы.
  • 14.05.2008 жылдан 10.03.2010 жылға дейін: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның ұйымдастыру-құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасының бастығы.
  • 04.09.2007 жылдан 04.08.2008 жылға дейін: Қазақстанның ультражеңіл авиациясы қауымдастығының (ҚҰАК) Астанадағы мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі тұрақты өкілі – заң кеңесшісі.
  • 08.06.2007 жылдан 04.09.2007 жылға дейін: ҚР ККА Мемлекеттік авиациялық орталығы РМК құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы.
  • 09.04.2007 жылдан 07.06.2007 жылға дейін: ҚР УДП «Беркут» Мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы (Астана).
  • 03.07.2006 жылдан 05.04.2007 жылға дейін: «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-ның заң және шарт бөлімі бастығы (Ақтау).
  • 12.11.2003 жылдан 22.05.2006 жылға дейін: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің әкімшілік және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы (Астана).
  • 04.06.2001 жылдан 11.11.2003 жылға дейін: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің авиакомпанияларды сертификаттау және лицензиялау қызметін реттеу басқармасының лицензиялау және авиакомпанияларды тексеру бөлімі әкімшілік бөлімінің бас маманы (Астана).
  • 20.09.2000 жылдан 04.06.2001 жылға дейін: Ақмола гарнизоны әскери сотының жетекші маманы (Астана).
  • 18.04.2000 жылдан 01.08.2000 жылға дейін: Ақмола облысы Егіндікөл ауданы прокурорының көмекшісі.
  • 05.01.1998 жылдан 17.04.2000 жылға дейін: Ақмола гарнизоны әскери сотының кеңесшісі (Астана).
  • 28.10.1996 жылдан 05.01.1998 жылға дейін: Ақмола облыстық сотының отырыс хатшысы (Ақмола).

Марапаттар, сыйақылар, құрметті атақтар:

  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі
  • «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі
  • «Құрметті авиатор» төсбелгісі (2016).