2024 жылғы 1 қазанда Қазақстанның Азаматтық авиация қауымдастығы ЗТБ-нің Президенті Ғабит Тәжімұратов пен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Юсуф Рашед Мохаммед Әлжаудер арасында кездесу өтті. Құрылымды диалог барысында елорда әуежайы мен Қауымдастықтың одан әрі ынтымақтастығы жөніндегі қысқа мерзімді жоспарлар талқыланды.
Қауымдастық Астана қаласының әуежайымен ынтымақтастықтың кеңейе түсетініне және Қазақстанның авиация саласын тұрақты дамыту жоспарларын іске асыру аясында үдей түсетініне сенімді.