ҚР Көлік министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында мүгедектігі бар адамдар үшін көліктің қолжетімділігі мен өзін өзі реттеудегі негізгі мәселелер талқыланды
2024 жылғы 29 тамызда өткен Қоғамдық кеңес отырысында көліктік тасымалдау жөніндегі мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру және елдегі мүгедек адамдар үшін көліктің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды мәселелер қаралды. Кеңес мүшелері жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруді көздейтін заң жобасын талқылады. Осы салада өзін-өзі реттеуді енгізу Қазақстанда жолаушылар тасымалының […]
«Тарифтік реттеу» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.
2024 жылғы 27 тамызда «Тарифтік реттеу» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында тарифтік реттеудің өзекті мәселелері, оның әуе компанияларының, әуежайлардың тұрақтылығына және халықтың әуе тасымалдарына қолжетімділігіне, сондай-ақ авиация саласының дамуына әсері талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Air Astana» АҚ, «SCAT» АҚ әуе компаниясының, «Қазаэронавигация» РМК, Қазақстан азаматтық авиация қауымдастығы заңды […]
Қазақстан ИКАО-да Тұрақты өкілдігін ашты
2024 жылғы 26 тамызда Монреаль қаласында (Канада) ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың, ИКАО Кеңесінің Президенті, ИКАО Бас хатшысы және ИКАО-ға мүше елдердің авиациялық билік басшыларының қатысуымен ИКАО-да Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі ашылды. Қазақстан ИКАО-да Тұрақты өкілдігі бар Орталық Азиядағы алғашқы ел. ИКАО (Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы) — Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі. Оның құрамына 193 […]
Ақтау әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталады.
Жақын арада Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты әуе айлағындағы жұмыс ережелері өзгереді. 1 қыркүйектен бастап сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері жолаушыларды тәулік бойы , басқа күндері – тек түнде қабылдайды. Ұшу алаңы күндізгі уақытта жөнделеді. Ұшу және келу уақыты кейінге шегеріледі. Әуе компаниялары билеттерді сату кезінде осыны ескереді. […]
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Аэропорт» АА Ассоциациясының өкілдерімен кездесу өтті
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Аэропорт» АА Ассоциациясының кеңесшісімен кездесу өтті. Өзара консультациялар өткізу, Жалпы Ресей мен Қазақстан Республикасының әуежайлары мен азаматтық авиациясының инновациялық дамуына жәрдемдесу, қолданыстағы жарғыларға сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде әріптестікті нығайту, сондай-ақ басқа да жарғылық міндеттерді іске асыруда бір-біріне жәрдемдесу туралы уағдаласты.Мәселелерді талқылау кезінде қауымдастықтардың әрқайсысының міндеттерін барынша толық іске асыруға деген ұмтылыс […]
Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесі көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экспедиторлық қызметті лицензиялау мәселелерін қарастырды
Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында көліктік бақылау және экспедиторлық қызметті лицензиялау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды Талқылауға Министрліктің, «ҚТЖ «ҰК» АҚ және көліктік бақылаудың аумақтық инспекцияларының өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңес мүшелері мәселелердің өзектілігін, сондай-ақ автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінде және оның аумақтық инспекцияларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Қоғамдық кеңес мүшелері […]