Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Әзербайжанның Azal әуе компаниясы ұшағы жолаушыларын құтқаруда ерлік пен кәсібилік танытқан қазақстандықтарды марапаттады.
Марапатталғандардың қатарында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, дәрігерлер, полицейлер, Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы мен Ақтау халықаралық әуежайының қызметкерлері бар.
Президент Тоқаев олардың ерлік істерін ерекше атап өтіп, бұл азаматтардың батылдығы мен азаматтық жауапкершілігі баршаға үлгі екенін айтты.
Мен Ақтау әуежайының қызметкерлеріне ерекше алғысымды білдіремін және олардың кәсібилігіне ризамын! Осындай әріптестермен мақтанамын!