«Тарифтік реттеу» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.

2024 жылғы 27 тамызда «Тарифтік реттеу» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында тарифтік реттеудің өзекті мәселелері, оның әуе компанияларының, әуежайлардың тұрақтылығына және халықтың әуе тасымалдарына қолжетімділігіне, сондай-ақ авиация саласының дамуына әсері талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Air Astana» АҚ, «SCAT» АҚ әуе компаниясының, «Қазаэронавигация» РМК, Қазақстан азаматтық авиация қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің, Астана, Павлодар, Семей, Түркістан, Ақтау, Өскемен, Шымкент, Қарағанды және Алматы әуежайларының өкілдері болды.

Бұл кеңес авиация саласындағы тарифтік реттеуді жетілдіру бойынша пікір алмасудың және ұсынымдар әзірлеудің өзекті алаңына айналды.

Дөңгелек үстелдің модераторы «KAZLOGISTICS» Көлік және логистика ұйымдарының одағының бас директорының міндетін атқарушы Талғат Лесов болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ