Самарқандта Орталық Азия мен Катардың авиациялық билік басшыларының кездесуі өтті

Самарқандта (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Катардың авиациялық билік басшыларының көпжақты кездесуі өтті. Қазақстан атынан ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы әуе көлігінің экономикалық дамуы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, әлеуетті арттыру және тиімділікті арттыру жөніндегі бастаманы талқылау, сондай-ақ әуе көлігі саласындағы қолданыстағы халықаралық уағдаластықтарды нығайту болды.

Осы кездесудің нәтижелері бойынша ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қолдауымен іске асырылатын бірлескен бағдарламалар мен бастамалар шеңберіндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ USOAP/USAP аудит бағдарламалары, ИКАО ANC аэронавигациялық комиссиясы, ИКАО кеңесінің және ИКАО ANC аэронавигациялық комиссиясының мүшелік құрамын кеңейтетін екі хаттаманы ратификациялау шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты көздейтін көпжақты хаттамаға қол қойылды.

Авиациялық билік басшылары азаматтық авиацияның қауіпсіз, орнықты және жоғары тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді және жан-жақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ