БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыру және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) бастамасын қолдау аясында Қазақстан авиация саласында көмірқышқыл газы шығарындыларын азайту бойынша Ұлттық жоспарды бекітті.
Жоспардың негізгі мақсаттары:
• Авиацияның қоршаған ортаға әсерін айтарлықтай азайту;
• Тұрақты авиациялық отынды (SAF) қолдануға көшу;
• Энергия тиімді технологияларды қолдану арқылы әуежайларды жаңғырту;
• ИКАО-ның көміртекті шығарындыларды өтеу бағдарламасын қолдау үшін заңнамалық бастамаларды әзірлеу.
Жоспардың қабылдануы Қазақстанның халықаралық климаттық міндеттемелерін орындау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Жобаны іске асыруға азаматтық авиация саласының барлық мүдделі тараптары мен субъектілері белсенді қатысады. Нәтижелерді тұрақты бақылау арқылы әрекеттерді түзетіп, олардың тиімділігін арттыру көзделеді.
Дереккөз: ҚР Көлік министрлігі.