«Әуежайлардың жұмысындағы инновациялық басқару шешімдері жөніндегі халықаралық конференция»

Мамыр айының 28-29 жұлдызында ұйымымыздың өкілдері Мәскеуде өткен «Әуежайлардың жұмысындағы инновациялық басқару шешімдері» атты халықаралық конференцияға Азаматтық авиация әуежайлары қауымдастығының шақыруымен қатысты.

Іс-шара келесі құрылымдардың қолдауымен ұйымдастырылды:

  • Ресей Федерациясының Көлік министрлігі
  • Ресейдің Азаматтық авиация жөніндегі федералдық агенттігі (Росавиация)
  • Көлік саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет (Ространснадзор)
  • Халықаралық көлік академиясы
  • Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасы

Конференцияға әуежай басшылары, салалық ведомстволардың, қауымдастықтардың және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар авиация саласының қазіргі заманғы сын-тегеуріндері мен даму келешегін, цифрландыру мәселелерін, басқару тиімділігін арттыру жолдарын және әуежайлар қызметіне заманауи технологияларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Біздің бұл шараға қатысуымыз халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасудағы маңызды қадам болды. Конференция барысында алынған білім мен орнаған кәсіби байланыстар болашақта жұмысымызды жетілдіруге және басқаруда инновациялық тәсілдерді енгізуге өз септігін тигізеді деп сенеміз.

ПОДЕЛИТЬСЯ