Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қабырғасында Қазақстан Азаматтық авиацияның қауымдастығының ұйымдастырыуымен, Қазақстанның барлық ірі әуежайларының басшылары, қауымдастықтың мүшелері бас қосты.
«Әуежайлардың жалпы проблемалық мәселелері және одан әрі ынтымақтастық» тақырыбындағы кеңес барысында қатысушылар саланы дамыту бағыттарын талқылап, тәжірибе алмасып, өзара іс-қимылды нығайтудың жолдарын белгіледі.
Спикерлер қатарында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының Басқарма төрағасы Юсуф Әлжаудер, Алматы әуежайының басшысы Гокер Косе, Ibcon group компаниясының қызметкерлері, Қазақстан Авиациялық админстрациясынан Тамара Арчуадзе сөз сөйледі. Сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Ақтау, Түркістан, Шымкент және басқа қалалардың әуежай өкілдері болды. Мен модератор ретінде жиынды жүргіздім.
Кеңесте Қауымдастықтың жұмысы жайлы қысқаша айта кеттім және кешенді реформаларды жүргізу, заманауи технологияларды енгізу және ел әуежайлары арасындағы әріптестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиында көтерілген сұрақтардың жауаптары хаттамаға толтырылатын болады.
Қатысушылар Қазақстанның азаматтық авиациясын дамыту үшін бірлескен жұмыс жасап бірге жобалар асыруға дайын екендерін білдірді.
