Ермек Сансызбайұлы Абдраманов 20 мың сағаттан астам әуе уақытын бағындырған тәжірибелі ұшқыш. Ол Ил-62, Ил-86, Як-40 және басқа да әуе кемелерін басқарған. 1994 жылы Академияның алғашқы қабылдау комиссиясын басқарып, Қазақстанда пилоттар даярлау ісінің негізін қалаушылардың бірі болды. Ұзақ жылдар бойы оқу орнында проректор әрі ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның жетекшісі қызметін атқарды.
Бүгінде Ермек Сансызбайұлының есімі авиацияға адалдығының, батылдығы мен адал еңбегінің нышаны ретінде Академия қабырғасында мәңгілікке жазылып қалды.
