Алматы және Астана қаласының әуежайлары атақты Skytrax World Airport Awards 2025 байқауында үздік атанды!

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ең үздік әуежай персоналы» санатында Skytrax World Airport Awards 2025 сыйлығымен марапатталды.
Айта кету керек Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы осыған дейін 3 рет белді номинациялар иегері болған. Осыған дейін «Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі үздік өңірлік әуежай» атағын алса, осы жолы милиондаған жолаушыларды қауіпсіздік және ыңғайлы жағдай жасайтын жандардың бағы жанды.

Ал Алматы халықаралық әуежайы Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ең үздік аймақтық әуежай атанды. Оның 2 терминалы әлемдегі ең үздік жаңа терминал деп танылды.
Бұл марапат әуежайдың қызмет көрсету сапасы, жолаушыларға қолайлылығы, инфрақұрылымының дамуы секілді маңызды аспектілерін жоғары деңгейде орындап жатқанын білдіреді. Соңғы жылдары әуежай айтарлықтай жаңарғанын байқауға болады, және бұл марапат соның дәлелі.

Skytrax World Airport Awards 2025 — бұл әуе саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі. Астана және Алматы әуежайлары осындай номинацияда жеңіске жетуі — үлкен жетістік және мақтаныш.

ПОДЕЛИТЬСЯ