ҚР Көлік министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында мүгедектігі бар адамдар үшін көліктің қолжетімділігі мен өзін өзі реттеудегі негізгі мәселелер талқыланды

2024 жылғы 29 тамызда өткен Қоғамдық кеңес отырысында көліктік тасымалдау жөніндегі мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру және елдегі мүгедек адамдар үшін көліктің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды мәселелер қаралды.

Кеңес мүшелері жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруді көздейтін заң жобасын талқылады.

Осы салада өзін-өзі реттеуді енгізу Қазақстанда жолаушылар тасымалының қауіпсіз және заманауи нарығын қалыптастыруға бағытталған.

ҚР Көлік министрлігі еліміздегі мүгедек жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар шеңберінде көлік қызметтерінің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында белсенді жұмыстар атқаруда.

Алайда, қоғамдық ұйымдар ақпаратты өзектендіру, қолдау жүйелерін құру және көлік компанияларымен өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты мүгедектер қауымдастығы осы мәселелерді шешу және барлық азаматтар үшін көлік ортасының қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін барлық мүдделі тараптарды біріктіретін жұмыс тобын құруды ұсынды.

ПОДЕЛИТЬСЯ