Қарағандыда Сарыарқа әуежайында отын құю кешенінің құрылысына алғашқы кірпішті қалау салтанаты өтті.

Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Үрімшіден келген қытай делегациясы, Petro China International Kazakhstan Ltd. компаниясының басшылығы, JET FUEL SERVICE құрылтайшысы және Қарағанды әуежайы директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Оспанов, сондай-ақ басқа да ресми тұлғалар қатысты. Ресми бөлімнен кейін баспасөз мәслихаты, екіжақты стратегиялық келісімдерге қол қою рәсімі және ресми түскі ас өтті.

Айта кету керек, Қарағанды әуежайы — біздің қауымдастықтың мүшесі, және біз оның еліміздің авиациялық инфрақұрылымын дамытуға қосып отырған үлесіне мақтанамыз.

Аталған жоба Қазақстандағы алғашқы заманауи отын құю кешені болмақ. Бұл кешен әуе кемелеріне қызмет көрсетудің тиімділігін арттырып, халықаралық әріптестікті кеңейтуге және еліміздің көлік әлеуетін нығайтуға зор үлес қосады.

ПОДЕЛИТЬСЯ